«Алтайдың төр жайлауы» блок-көрме

«Алтайдың төр жайлауы» блок-көрме

Биыл Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің құрылғанына 20 жыл толуына орай өлкетану орталығында «Алтайдың төр жайлауы» блок-көрмесі ұйымдастырылды.

Оқырмандар көрменің бірінші бөлімінен Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны, керемет табиғатымен көз тартатын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі қалай құрылғаны жөнінде мағлұмат алса, екінші бөлімінен парк аумағында орналасқан табиғи, мәдени ескерткіштер жайлы ақпараттарға қанықты.

Ал үшінші бөлімінде балалар қазіргі Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркінің тыныс-тіршілігімен танысып, өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ  қатысушылар еліміздің жұмақ өлкесі Катон-Қарағай жері туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалармен және Қ. Назырбаев «Катонқарағай», «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», К. Омаров «Катын-карагай», «Катон-Карагайский государственный национальный природный парк», «Алтайдың алтын алқасы» кітаптарымен    танысты.

 

 

Share