«Кітап маған тақтан да қымбат»

«Кітап маған тақтан да қымбат»

Осындай ұранмен № 14 мектептің 1-сынып оқушыларына арналған «Библиотека, книга, я – вместе верные друзья!» оқырмандар қатарына қабылдау мерекесі өтті, онда балалар Кітап – патшайыммен бірге кітап мемлекетіне саяхат жасады. Басты кейіпкер кішкентай қонақтарына кітапхананың не екенін айтып, оларды кітапхананың ережелерімен таныстырды, кітаптармен қалай жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар, Кітап патшайымы балаларға көптеген қызықты тапсырмалар дайындады, оларды орындап, кітапхананың нағыз құрметті оқырмандары бола алды. Біріншіден, әліппені қаншалықты жақсы меңгергендерін тексерді. Ол үшін үш түсті сигналдық карталарды қолдана отырып, балалар дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды анықтауы керек болды. Келесі кезең – Патшайымның сиқырлы сандыққа сақталған ертегі кейіпкерлері туралы әдеби жұмбақтарды шешу болды. Әр шығарманы мәнерлеп оқу қажет болды. Осыған байланысты ертегі кейіпкері кішкентай қонақтарға тақпақ оқуды ұсынды, жай ғана оқу емес, әр-түрлі эмоциямен. Соңында, Кітап патшайымы қонақтарды кітап көрмесіне апарды, онда балаларға өздеріне ұнайтын шығармалардың беттерін парақтауға, түрлі-түсті иллюстрацияларын қарауға мүмкіндік берілді. Барлық балаларға кітапханадағы тәртіп ережелері және кітаппен дұрыс жұмыс істеу туралы жадынамалар табыс етілді.

Share