Эмоциялар: сезімдердің мәні неде?

Ламиа, М. Эмоциялар: сезімдердің мәні неде? [Мәтін] / М. Ламиа ; ауд. А. Байдлаева ; жоба жетекшісі Р. Кенжеханұлы. – Астана : Bilim Foundation, 2018. – 152 б. – (Денсаулық және өмір дағдылары).

Өзіңді кінәлі сезінудің, мазасыздықтың, алаңдаудың немесе үміттің адам үшін қандай мағынасы бар? Бұл эмоциялар сізге неден хабар береді? Эмоциялар адам өмірінің маңызды және жарқын бөлігі болып табылады. Бұл – жағдайды бағалап, оған қалай жауап беру керектігінен хабар беретін жүйе. Сіздің барлық эмоцияларыңыз құнды – олар сізге хабарлайды, қабылдаған шешімдеріңізге әсер етеді және мақсатқа жетуге түрткі болуы мүмкін. “Эмоциялар! Сезімдердің мәні неде?” кітабы болмысыңды тереңірек танып-түсінуге көмектеседі. Кітапта 15 тарау бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір эмоцияға арналған. Сонымен бірге кітапта өмірден алынған оқиғалар мен ғалымдардың зерттеулерінен мысалдар келтірілген. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін автор әр тараудың соңында қосымша ақпарат беріп, қорытындылап отырады.

Share