«Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасы

«Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасы

9 ақпан – қазақ поэзиясының ақиығы, мұзбалақ ақын Мұқағалидың туған күні. Сыршыл да нәзік жырларымен қалың оқырманның жүрек түкпірінен орын алған аяулы ақынымыздың биыл 90 жас мерейтойы. Бүгінгі күні оның жыры – қазақтың бойтұмары. Қазақ баласында ақынның атын, бір ауыз өлеңін жатқа білмейтін ұрпақ кемде-кем. Оның шығармалары ел арасына тез таралып, кей өлеңдеріне әуезді ән де жазылып, әсем кештерде әуелей шырқалып жүр. Ақиық ақынның шығармашылығы әлі талай ғасырлар бойы ұрпақтың рухани азығы болары даусыз. «Ғасыр ақынының» 90 жылдығына орай «Ертіс» әдеби клубының мүшелері «Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасын бастайды, эстафета жыл көлемінде жалғасады. https://fb.watch/3xOVhnF10W/

Share

Добавить комментарий