Ножкина Вета

Ножкина Вета (шын есімі – Светлана) (1964) – жазушы, бард, Қазақстандағы авторлық ән саласындағы жетекші ағартушылардың бірі.

Вета Ножкина 1964 жылы 1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қаласында дүниеге келген. 2002 жылдан бері Алматы қаласында тұрады. Қазақстан мен Орталық Азия қалаларының клубтарын біріктірген «Остров песни» жобасының (виртуалды нұсқасы – www.akbard.kz) жетекшісі. Мамандығы бойынша – филолог (1985 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген). Мектепте мұғалім, журналист, теледидардағы балалар мен жастар бағдарламаларының жүргізушісі болып жұмыс істеген, «СВиФТЪ» авторлық ән театрын, «АКЕН» авторлық ән және әдебиет қорын басқарған. 1990 жылдан бері «Зелёная карета» клубының (Өскемен) мүшесі.

Өлеңдер мен әндерді бала кезінен (бес жасынан бастап) жаза бастаған. Музыка мектебін бітірген. 2008 жылы Алматыдағы «Искандер» баспасынан екі өлеңдер жинағы шыққан – «Букет бессонницы» және «На белых скатертях земли». «Простор», «Литературная Алма-Ата», «Шығыс-Восток», «Нива» әдеби-көркем журналдарында жарияланған. Тіркелген CD-альбомдары – «Гуляй, мальчик» (2003), «Вслед за «Атлантами» (2010), «Песенки детям от 4 до 8 лет. Часть 1» (2010).

«Астана» фестивалінің Гран-приі (2003), «Ильмены» фестивалінің дипломанты (2004), «Петербургский аккорд» фестивалінің қатысушысы (2000, 2010), «Зазеркалье» сахнасының лауреаты (В. Грушин атындағы фестиваль, 2006-2007 жж.), Бардтардың, ақындар мен музыканттардың Бүкіләлемдік жиынының қатысушысы (2008), «Струнная капель-2008» балалар мен жасөспірімдер фестивалінің қазылар алқасының төрайымы, «Илимская лира-2007» фестивалінің қазылар алқасының төрайымы, «Свезар» фестивалінің (Екатеринбург, 2005) қазылар алқасының мүшесі, «Астана» фестивалінің қазылар алқасының мүшесі, В. Грушин атындағы фестивальдің «Малая проза» номинациясы бойынша лауреаты (2012 жыл), «Deutsche aus Russland» баспасының «Современная сказка» әдеби-көркем байқауының жеңімпазы (2012), В. Грушин атындағы интернет-байқауының «Островитяне» ансамблінің құрамындағы жүлдегері (2012 жыл).

Вета Ножкина – Н. Құлсариев атындағы Орталық Азия слетінің, «Алтайская струна» фестивалінің ұйымдастырушысы, Орталық Азия өңірлік кеңесінің мүшесі.

1984 жылдан бастап ол «Систематизация песенных жанров» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді («Простор», «Ветер странствий» журналдарында жарияланған). 2003-2010 жылдар аралығында Светлана Қазақстан мен Орталық Азия авторларының шамамен 50 аталымдағы дискісін жазып шығарды.

Авторлық әндері туралы мақалалар «Простор», «Ветер странствий» журналдарында (2007-2012 жж.), сондай-ақ www.akbard.kz, www.nozhkina.ru интернет-ресурстарында жарияланды. «Воспитательный потенциал авторской песни» (Мәскеу, 2010 ж.) атты мақалалар жинағында (ред. Болотов В.А.) авторлық ән арқылы тәрбиелеу туралы мақала жарық көрді.

Әдебиеттер тізімі:

Ол туралы:

  • Шашкова, Л. Поющий остров Веты Ножкиной [Текст] / Л. Шашкова // Казахстанская правда. – 2008. – 12 дек. (№ 273-274). – С. 16.

Вета Ножкинаның шығармсалары:

  • Ножкина, В. Рассказы, стихи [Текст] / В. Ножкина // Солнечный круг: писатели Восточного Казахстана – детям: к 100-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения «ЗВЕНО АЛТАЯ». – Усть-Каменогорск, 2019. – С. 300-315.
  • Ножкина, В. Деревенские сказы Пропа [Текст] / В. Ножкина // Книголюб. – 2014. – №1. – С. 60-69. – (Казахстанское книжное обозрение)
  • Ножкина, В. Деревенские сказы Пропа [Текст]: рассказы / В. Ножкина // Нива. – 2013. – № 5. – С. 66-84.
  • Ножкина, В. Дырка от бублика [Текст]: рассказы / В. Ножкина // Нива. – 2012. – № 10. – С. 161-172.
  • Ножкина, В. Что же значишь во всем этом ты… или Муравейник- человейник [Текст]: поэзия / В. Ножкина // Простор. – 2012. – № 1. – С. 147-150.
  • Ножкина, В. Дырка от бублика [Текст]: рассказы / В. Ножкина // Нива. – 2012. – № 10. – С. 161-172.
  • Ножкина, В. Лесенка песенок [Текст]: поэзия / В. Ножкина. – (Детям) // Простор. – 2010. – № 1. – С. 155-156.
  • Ножкина, В. Человеку важно знать немало, потому дорога и трудна… [Текст] / В. Ножкина // Ветер странствий. Казахстан. – 2010. – № 5. – С. 92-93: цв.ил.
  • Ножкина, В. Попытка систематизации песенных жанров [Текст] / В. Ножкина // Простор. – 2009. – № 4. – С. 179-185.
  • Ножкина, В. Городская окраина, которой нет на карте [Текст] / В. Ножкина // Рудный Алтай. – 1991. – 15 янв. – С. 2.
  • Ножкина, В. Почин без крыльев [Текст] / В. Ножкина // Рудный Алтай. – 1982. – 14 янв. (№ 9). – С. 1.