Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі

Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі

Бүгін кітапхана ұжымы ҚР Ұлттық Ұланы 5518 әскери бөлімінің сарбаздарына «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнайы дайындалған «Қазақ зиялыларының көсемі» атты мегакөрмені таныстырудан басталды. Кітапхана қызметкері Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қатысты еңбектеріне ерекше тоқталып, кітапхана қорындағы «Тіл – инстинкт», «Қазақ тіл білімінің мәселелері» кітаптарын негізге ала отырып, қысқаша баяндама жасады. Шараның екінші бөлімі аталмыш тақырып аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне әдебиеттер шолуымен жалғасын тапты. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға блиц-сауалнама, логикалық тапсырмалар, қызықты ойындар ұсынды. Сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздар А.Байтұрсынұлының «Анаға хат», «Жұртыма», «Қазақ салты» өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндерді әр түрлі аспаптарда орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әдеби кеш жас мамандардың музыкалық нөмерімен жалғасты. Шара соңында сарбаздар кеш ұйымдастырушы кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтып, естелік суретке түсті.

Share