Қымбатты оқырмандар!
Жақында ғана біздің кітапхана қоры жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының 6-7 томымен толықты.
Қазіргі қазақ зиялылары арасында үлкен сұранысқа ие кітапта сурет, кино, театр және сөз өнері жайында мерзімді басылым беттерінде әр кезеңде жарияланған сын-пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.
– Жолдастар! – деген алтын галстукке көзін қадап тұрып, – Бұл өлеңдер – менің әкемнің өлеңі емес. Олай болса әкесінің даңқын шығарғысы келді дер едіңіздер. Қайын жұртымның да, нағашы елімнің де ақындары емес бұлар. Бұл – бес ғасырлық қазақ поэзиясы. Күні кеше ғана Бүкілодақтық аттестациялық комиссия тақырыбымды рас деп тапқан, кандидаттығымды бекіткен мен – совет ғалымы Садуақас Мақанов сіздерден өтінемін, сұраймын -осы кітапты еш кедергісіз, сүріндірмей, жетесіне балта шаппай шығарып беріңіздер. Мен буынсыз жерге пышақ ұрып тұрған жоқпын.
Егер оқиғаның әрмен қарай қалай өрбігенін білгіңіз келсе, шоқтығы биік шығармалар жинақталған туындыны оқығыңыз келсе, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына келіңіз!
Біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!