Туған жердің төсінде

Туған жердің төсінде

Республика күніне орай өтетін «Туған жердің төсінде» атты республикалық  әндер мен жырлар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ

Байқаудың өтетін уақыты: 30 қазан, 2022 жыл

  1. Жалпы ереже

2022 жыл 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып қайта бекітілді. Бұл күннің мемлекеттік мереке ретінде қайта бекітілуі егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Бұл ереже Республика күніне арналған «Туған жердің төсінде» атты патриоттық тақырыптағы әндер мен жырлар байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Байқауды ұйымдастырушы – Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы.

  1. Байқаудың мақсаттары:

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың назарын өз елінің тарихына, оның жетістіктері мен көрнекті тұлғаларына аудару, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, мәдени тарихи жадыны сақтау.

3.Байқаудың міндеттері:

Байқауды өткізу келесі міндеттерді шешуді қамтиды:

– өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік принциптерді, патриоттық құндылықтар мен мұраттарды, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру;

– балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету;

– өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;

– ұлтымыздың өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.

– белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

– әскери-патриоттық өлеңдер мен әндерді насихаттау;

– оқушылардың білім деңгейін көтеру және шығармашылықпен өзін-өзі таныту, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

– орындаушылық шеберлік деңгейін және оқудың мәнерлілігін арттыру.

  1. Байқаудың талаптары мен шарттары:

– Байқауға қатысушылардың жасы 14 пен 20 жас аралығы;

– Байқау екі тілде өтеді: қазақ және орыс;

– Қатысушылар бейнеролик түрінде Отан туралы өлеңді жатқа оқуы немесе патриоттық әндерді айтуы тиіс;

– Әр қатысушыдан бір ғана номинацияға өтініш қабылданады.

Байқау екі номинация бойынша өтеді:

– «Отан туралы өлең оқу»;

– «Патриоттық әнді орындау».

  1. Жұмысқа қойылатын талаптар:

– Бейнероликтің ұзақтығы 5 минутқа дейін;

– Байқауға кез келген қолжетімді әдіспен түсірілген бейнероликтер (бірақ слайд-шоулар емес) ұсынылады;

– Бейнероликтің басында қатысушы өзінің тегін, атын және жасын айтады немесе ақпараттық баннер жасайды, өлеңнің/әннің атын, сөзі мен музыкасының авторын хабарлайды;

– Жұмыста автор (авторлар) пайдаланған материалдар мен ресурстарға сілтемелер тізімі болуы керек;

– Ұсынылған файлдар пішімі: MPEG, WMV, AVI, MP4;

– Байқауды ұйымдастырушы байқау жұмыстарын мекеменің ресми дереккөздеріндегі жарияланымдар ретінде пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

  1. Байқау комиссиясының жұмыс шарттары:

Байқау жеңімпаздарын іріктеуді байқау комиссиясы келесі критерийлерді ескере отырып жүзеге асырады:

  • әннің, өлеңнің табиғаты мен негізгі мағынасын жеткізе білу;
  • шеберлік және эмоционалдылық;
  • сахналық әрекетті орындаудағы үйлесімділік;
  • қойылымның тұтастығы және оның композициялық бірлігі;
  • орындау сапасы;
  • көркемдік;
  • сахналық киімдер мен реквизиттерді пайдалану;
  • қойылымның байқау тақырыбына сәйкестігі.

Жұмыстың қорытындысы бойынша байқау комиссиясы әр номинация бойынша 3 жеңімпазды анықтайды.

  1. Байқаудың өтетін күндері

Байқау 2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында өтеді. Байқау жұмыстары кітапхананың Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Жеңімпаздар 2022 жылдың 30 қазанында жарияланады. Өтінімдер 25 қазанға дейін қабылданады.

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ал барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталады.

Байқаудың жұмыс барысы және осы Ереже туралы ақпарат https://shqolibrary.kz/  сайтында, кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланады.

«Туған жердің төсінде…» республикалық байқауына қатысу үшін қатысушы белгіленген үлгідегі өтінімді толтырып, байқау жұмыстарымен бірге 2022 жылдың 25 қазанына дейін auyezkhanov1994@mail.ru  электронды поштасына жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +77473148913, +7778663228.

 

Республика күніне арналған «Туған жердің төсінде…» республикалық байқауына қатысуға өтінім

Қала, ауыл, ел

 

Қатысушының аты-жөні (толық)

 

Жасы

 

Оқу орны (сынып, курс) немесе жұмыс орны, лауазымы

 

Номинация

 

Қызмет атауы

 

Үйлестірушілер

 

Мекенжай, ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы

 

Share