Үйірме сабағында балаларға презентация ұсынылды, оқушылар теңіз жануарлардың, балықтар мен өсімдіктердің аттарын қайталады, су асты тереңдігінің жаңа тұрғындарымен танысты. Білімді бекіту ретінде оқырмандар теңіз өмірі туралы жұмбақтарды шеше алды. Балалар «Артық сөз» дидактикалық ойынына, «Теңіз толқыны…», сондай-ақ сенсорика мен бәсекеге қабілеттілікті дамытатын «Інжу-маржандарды жинау” ойындарына қатыса алды. Шара соңында оқырманадарымыз өздерінің кемелерін «құрып», алыс саяхатқа аттанды.