Стейнбек, Джон. Тышқандар мен адамдар туралы : повесть / Д. Стейнбек ; ауд. Б. Бабаш. – Алматы : Полиграфкомбинат, 2021. – 128 б.
Болмыстары бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі адамның арасында достық болуы мүмкін бе? Біреуі – өмір сүруге бейімсіз, бірақ алып күштің иесі Ленни, екіншісі – ақылды бола тұра балалық бейнесінен алыстай алмаған Джордж. Оларға ортақ не бар? Бәлкім, қарапайым адами бақытқа жетуді көздеген аңсар-арманның орындаларына деген сенім шығар… Америка жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Джон Стейнбектің «Тышқандар мен адамдар туралы» повесі әлем әдебиетінің жауһарлары санатында. Алғашқы сөйлемінен-ақ тылсым әлемнің тереңіне тартатын туындыда кейіпкерлер мінезі айқын суреттелген. Америкадағы Алапат тоқырау кезінде байлардың фермасына жұмыс іздеп барған екі кедей жігіттің өмірі қалай өзгерді? Олар еңбек етіп, тұрмыстарын түзеуді ғана армандап қоныс аударған болатын. Алайда тағдырдың әрқашан да өз жоспары бар…