Батырбектің хандығы

Гребенщиков, Георгий. Батырбектің хандығы / Г. Гребенщиков ; ауд. А. Қасымов. – Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2020. – 368 б.

Жинаққа қазақтың елімен де, жерімен де етене жақын болған жерлесіміз, бірақ тағдырдың жазуымен өмірінің көп жылдарын шет елдерде өткізген жазушы Г.Гребенщиковтың ертеректе, 1910-1925 жылдары көшпенділер өмірінен жазылған повестері, пьесасы, ертегісі мен бірнеше очерктері, көркем әңгімелері енгізіліп отыр. «Батырбектің хандығы» повесі белгілі жағдайда ғұмырнамалық туынды. Өйткені, Г.Гребенщиков көшпенділердің Тарухан атты бір ханының ұрпағы болған-мыс. Автор өмірбаяндық туындысында былай дейді: «менің арғы атам Бия өзенінің жоғарғы сағасынан орыстың аңшылары бір үйір жылқысымен тұтқындап, Кузнецк уезінің Сузун заводына алып келген қалмақ болған екен. Ол езде небәрі он жаста болған оны кен қазушы орыстың бірі асырап алып, шоқындырып, тіл үйретіп, бір орыстың қызына үйлендірген. Менің арғы атам өзінің тегін асырап алған әкесінен алған болуы керек, ал ол тарақшының баласы болғанға ұқсайды. Міне, менің бас тырнайтын фамилиям да содан қалған көрінеді».

Share