Монтгомери, Чарьз. Бақытты қала : қалалық жоспарлау арқылы өмірімізді өзгерту / Ч. Монтгомери. – Қарағанды : KANTAI, 2020. – 300 б.
Бақыт коэффициентін қалай арттыруға болады? Чарльз Монтгомеридің кітабы қала өмірі мен қаладағы кез келген адамның бақыты туралы түсінігімізді өзгертеді. Бақыт үшін не қажет? Метро, жаяужолдар, кептелістер, машиналарға тәуелділік, ал егер сіз қала маңында тұрсаңыз? Урбанист және журналист Чарльз Монтгомери қалалық орта дизайны мен бақыт туралы ғылымның қиылсындағы сұрақтарға жауап табады. Ол әлемнің ең серпінді қалаларына саяхаттап, олардың тәжірибесін көрсетеді. Бұл кітапта психологиядан, неврологиядан және Монтгомеридің жеке қалалық тәжірибелерінен алынған жаңа деректер жинақталған. Ол қалалар біздің ойларымыз бен мінез-құлқымызды қалай қалыптастыратынын көрсетеді және сайып келгенде, бақытымыз үшін қалалар мен өз өмірлерімізді жаңғырту арқылы біз көптеген мәселелерді шеше аламыз деп үміттендіреді.