Әлем, әйел және мен

Соңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзия, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең де, толымды толғау да, кең құлашты поэма да бар. Аралықтағы топтамалар да өз орын, қисынымен тұтас жинақтың әрін кіргізіп, әрі қарай назарыңды аудара түседі. Ақынның басты кредосы – өзі таңдап, өзі қалыптастырған таза да тағдырды табиғатынан айнымау. Әрине, ол – баршамызға етене таныс жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін нәзік те көркем лирикалық назым, нақыштар. Оған эмоциялық көңіл-күймен қоса ішкі серпін, өршіл мінезді қосыңыз…

Share