Елтаным

Шаймерденұлы, Ербол. Елтаным : тарихи-философиялық рәмізбаян / Е. Шаймерденұлы. – Алматы: SUNSHINE plus, 2022. – 320 б. 

Бұл 2005 жылда шыққан, оқырман қауымының ерекше ықыласына бөленген, рәмізтану саласындағы аса құнды еңбектің екінші басылымы. Тәуелсіз Қазақстанның нығайып, дамуы үшін тыным таппай еңбек еткен, Мемлекеттік рәміздеріміздің дүниеге келіп, қабылдануының басы-қасында болған белгілі ақын, жазушы-публицист, қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың бұл бағалы еңбегі жаңартылып, толықтырылып көпшілік назарына ұсынылды.

Share