Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды,
Физика, алгебра пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды!, – дегендей, «Әлем – ғылымдар тілінде» атты ғылым апталығы аясында кітапханамызда бірқатар іс-шаралар өтуде.
Бүгін қазақ жұртының әйгілі ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына – 124 жыл толды. Сондықтан 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым күні болып бекітілген. Айтулы күнге орай кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің бірінде «Өркениетті өріс» атты бес бөлімнен тұратын қызықты интеллектуалдық сайыс өткізді. Шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, алгебра мен физикадан әр түрлі логикалық сұрақтарға жауап іздеді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Жұлдыз» тобы оза шауып, «Бірлік» тобын қапыда қалтырды. Шара соңында екі топқа кітапхана қорындағы кітаптар сыйға тартылды.