Шуақ шашып, қап-қараңғы түнектен,
Ғашықтарға пәк сезімнен жыр еккен,
Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнімен,
Құттықтаймыз сіздерді шын жүрекпен!
Махаббат – өмірдің мәні, әлемнің шамшырағы.
Кітапхана төрінде аталмыш мереке аясында жастардың қатысуымен “Мәңгілік қалармын мен ғашық болып…” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кеш барысында жұптар арасында «Көңілді старт» жарысы ұйымдастырылып, “Жүректен жүрекке”, “Шарды дәл түсір”, “Әуенмен дос бол!” “Әріптер сөйлейді” ойындары ойнатылды. Белсенділік танытып, тапқырлықтарының арқасында әдемі ойын өрнегін көрсеткен қатысушыларға естелік кітаптар және үздік атанып, оза шыққан оқырмандарымызға “Мейман” мейрамханасына екі адамға сертификат табыс етілді. Әсерлі кеш көркі Елдос пен Ердос Бұланбектердің орындауындағы керемет әнмен жалғасын тауып, жырдан шашу шашылып, көңілді би кешіне ұласты.