«Сырғалым» қыздар клубы

 

Мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған.

Міндеті:

  • «Ақ ниет» әжелер алқасымен бірлесе шеберлік сағатын өту
  • Ұлттық қолөнерге баулу (құрақ, кесте,бисер тігу,тоқыма тоқу)
  • Ұлттық тағамдар дайындау
  • Қыздарға арналған ережелермен таныстыру
  • Жеке гигиена туралы түсініктеме беру
  • Этика-эстетика туралы сырласу
  • Қыз балаға арналған ырым-тыйымдардың мағынасын түсіндіру
  • Тарихтағы аналарды оқуға әдебиеттерді ұсыну
  • Болашақ келін, ана міндетін тереңінен түсіндіру
  • Ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру
  • Керекті әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен таныстыру
  • Керек материалдарды әдебиеттен таңдай білуге баулу
  • Іс-шаралар мен мерекелер өткізіп қабілеттерін шыңдау
  • Өзін –өзі тануға мүмкіндік жасау
  • Бос уақытын тыйымды өткізуге баулу.

Мекен жайы: Өскемен қаласы, Космическая көшесі, 6/2

ОБЖК – сы аясында құрылды

Құрылған жылы: 2020 жылы

Жетекшісі: Алимкулова Л.А.

Клуб мүшелері: аптасына бір рет жиналады

Жұмыс барысы: қажетті ақпараттармен материалдарды әдебиеттерден алу, қол өнер шеберлігін: тоқыма тоқу, құрақ құрау, бисер моншақтарымен тігуді, ұлттық тағам жасап үйрену, қазақ қызы деген сұлу бейнеде болу.

Share