Закон -Заң

Закон -Заң

✍️ Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О возврате государству незаконно приобретенных активов».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi

✍️ Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды

Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.

▪️Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.

▪️Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн. АЕК-тен асатын (44 млрд. 850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары) активтері болуға тиіс.

▪️Активтерді қайтару жұмыстарын арнаулы уәкілетті орган (Бас прокуратура ведомствосы) жүзеге асырады. Ол мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде мониторинг пен талдау жүргізеді.

▪️Мониторинг және талдау барысында активтерді заңсыз шығару схемасына қатысы бар тұлғалар тобы, олармен үлестес тұлғалар тобы, активтердің жиынтық мөлшері, активтерді заңсыз иемденудің, оларды елден тыс жерге шығарудың белгілері мен мән-жайы және өзге де мәліметтер айқындалады.

▪️Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға (Парламент депутаттарынан, қоғам қайраткерлерінен, Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан және өзге де тұлғалардан құралған комиссияны Премьер-Министр жасақтайды) осындай субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларын тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді.

▪️Заңда уәкілетті органның орынды күмәндануына негіз болатын критерийлер нақты айқындалған. Бұл – активтер құнының заңды кірістер көлеміне немесе активтерді иемденуіне, тұлғаның немесе оның үлестес тұлғаларының активтерді белгіленген шектен жоғары бағада (жауапты лауазымға орналасу кезінде не одан кейін) сатып алуына арналған шығыстарды жабудың өзге де көздеріне сәйкес келмейтін және Заңда белгіленген басқа да негіздер.

▪️Комиссия тұлғаларды Реестрге енгізу туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықты ескере отырып, активтерді қайтару жөніндегі алдағы шаралар туралы шешім қабылдайды, қала құраушы кәсіпорындардың активтері бойынша ұсынымдар әзірлейді.

▪️Комиссия адамдарды Реестрге енгізген жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы оларды хабардар етеді және осы сәттен бастап тұлғалар активтерді иемденудің заңдылығын растай отырып, активтер туралы декларацияны тапсыра алады (бір ай ішінде не 3 ай ішінде – құжаттарды жинау және дайындау үшін неғұрлым ұзақ мерзім қажет болған жағдайда).

▪️Декларацияда субъектілер заңды тұлғаның кірістерін, активтерін, жарғылық капиталына қатысу үлестерін, Қазақстандағы және шетелдегі қарыздарды, активтердің шығу тегі туралы өзге де мәліметтерді көрсетуге тиіс.

▪️Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз активтер деп танылады.

▪️Активті елден шығару немесе оны иеліктен шығару қаупі туындаған кезде, уәкілетті орган алдын алу шараларын қабылдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

t.me/aqorda_resmi

✍️ Главой государства подписан Закон «О возврате государству незаконно приобретенных активов»

В соответствии с нормами закона механизмы возврата будут применяться к субъектам крупной коррупции и олигопольных групп, сросшихся с лицами, имеющими административно-властные ресурсы (связи, влияние).

▪️Закон распространяется на субъектов, которые являются (являлись) лицами, занимающими ответственную государственную должность, должности в государственных юридических лицах, субъектах квазигосударственного сектора, а также аффилированных с указанными лицами субъектов.

▪️В дополнение с указанными критериями для применения положений Закона лица должны иметь в совокупности активы на сумму свыше установленного Законом порога – 13 млн. МРП (44 млрд. 850 млн. тенге, или порядка 100 млн. долларов США).

▪️Работу по возврату активов будет осуществлять уполномоченный орган по возврату активов, который на основании информации государственных органов и других не запрещенных законодательством источников будет проводить мониторинг и анализ информации.

▪️В ходе мониторинга и анализа будут определяться круг лиц, вовлеченных в схему незаконного вывода активов, круг аффилированных с ними лиц, совокупный размер активов, признаки и обстоятельства незаконного приобретения активов, их вывода за пределы страны и иные сведения.

▪️По итогам анализа, если у уполномоченного органа возникнут обоснованные сомнения в законности приобретенных активов, он будет вносить в Комиссию по возврату активов (формируется Премьер-министром из депутатов Парламента, общественных деятелей, членов Правительства, первых руководителей госорганов и иных лиц) предложения о включении таких субъектов и их аффилированных лиц в соответствующий Реестр.

▪️Законом четко определены критерии, при наличии которых у уполномоченного органа будут возникать основания для сомнений. Это несоответствие стоимости активов размеру законных доходов либо иных источников покрытия расходов на приобретение активов, приобретение лицом либо его аффилированными лицами активов свыше установленного порога и другие установленные Законом основания.

▪️Комиссия принимает решение о включении лиц в Реестр, а также с учетом социальной, политической и экономической стабильности принимает решение о дальнейших мерах по возврату активов, а также вырабатывает рекомендации по активам градообразующих предприятий.

▪️В случае включения Комиссией лиц в Реестр, уполномоченный орган уведомляет их об этом и с этого момента лица могут сдать декларацию об активах с подтверждением законности приобретения активов (в течение месяца либо в течение 3-х месяцев – в случае необходимости более длительного срока для сбора и подготовки документов).

▪️В декларации субъекты должны указать доходы, активы, доли участия в уставном капитале юридического лица, займы в Казахстане и за рубежом, иные сведения о происхождении активов.

▪️Если лицо не сможет подтвердить законность приобретения активов, то такие активы признаются активами необъяснимого происхождения.

▪️При возникновении риска вывода актива из страны или его отчуждения уполномоченный орган будет обращаться в суд с заявлением о принятии предварительных обеспечительных мер.

t.me/aqorda_resmi

▪️Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе Республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

▪️Шарттар ақша төлеу, активтердің бір бөлігін немесе барлығын мемлекетке қайтару, сондай-ақ толық алынбаған салықтың, келтірілген залалдың, активтерді иеленген жалпы кезең ішінде тұлға тапқан табыстың сомасын, бірақ мемлекетке келтірілген залалдан кем емес сомаларды және басқа да шарттарды қамтуы мүмкін.

▪️Активтерді мәжбүрлі түрде қайтару уәкілетті органның сотқа жүгінуі арқылы азаматтық процестік заңнама қағидаларының жалпы негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

▪️Заңда адал сатып алушыларды қорғау тетіктері көзделген.

▪️Мемлекет пайдасына түскен активтер Қаржы министрлігіндегі қолма-қол ақшаны бақылау шоты саналатын Арнаулы мемлекеттік қорға беріледі. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік, экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

▪️Активтердің шетелде болуы мүмкін екенін ескере отырып, Заңда соттар шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және өзге де құқықтық өзара іс-қимылдар үшін халықаралық құқықтық ынтымақтастық тетіктері қарастырылған.

▪️Уәкілетті орган жыл сайын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылданған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды.

▪️Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегі жалпы талаптарға сәйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ережелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

t.me/aqorda_resmi

▪️Возврат незаконно приобретенных активов может осуществляться в добровольном порядке либо в принудительном – на основании судебных актов Республики, иностранных государств или решений компетентных органов иностранных государств.

▪️Условия могут предусматривать выплату денег, передачу части или всех активов государству, возмещение государству сумм недополученных налогов, причиненного ущерба, сумм полученных лицом сверхдоходов за общий период владения активами, но не менее причиненного государству ущерба и другие условия.

▪️Принудительный возврат активов осуществляется путем обращения уполномоченного органа в суд на общих основаниях по правилам гражданского процессуального законодательства.

▪️Законом предусмотрены механизмы защиты добросовестных приобретателей.

▪️Поступившие в пользу государства активы будут передаваться в Специальный государственный фонд, который представляет из себя контрольный счет наличности в Министерстве финансов. Средства со Специального государственного фонда будут направляться для финансирования социальных, экономических проектов.

▪️Учитывая, что активы могут находиться за рубежом, Законом предусмотрены механизмы международного правового сотрудничества для обеспечения исполнения решений судов, обмена информацией и иного правового взаимодействия.

▪️Уполномоченный орган ежегодно будет готовить информацию по противодействию незаконному приобретению и выводу активов, принятым системным мерам, в том числе направленным на исключение причин и условий, способствующих незаконному приобретению и выводу активов.

▪️Закон вводится в действие по истечении 10 дней после опубликования, за исключением положений, касающихся прав и обязанностей граждан, которые в соответствии с общими требованиями по введению в действие таких законов вводятся в действие по истечении 60 дней после публикации.

t.me/aqorda_resmi

Share