Сегізбаев Кәдірбек Сауырұлы

Кәдірбек Сауырұлы 1941 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Зайсан қаласындағы қазақ орта мектебін бітірген соң, ұжымшарда екі жыл жұмыс істеп, 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1967 жылдан бастап баспасөз саласында – «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті, «Білім және еңбек» («Зерде») журналы, «Жалын» альманахы редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып істеді, баспагерлік саласында («Жалын» баспасы, «Қазақ энциклопедиясы», «Санат», «Атамұра» баспаларында) Бас редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, Бас редактор, баспа директоры қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі.

Алғашқы әңгімесі республикалық баспасөзде 1968 жылы жарық көрді. «Жап-жасыл әлем» повесі жастар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық сайысында 1981 жылы бірінші жүлдеге ие болса, «Біз қалада тұрамыз» жинағы үшін оған 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы берілді.

А.Лихановтың «Менің генералым» романын, словак жазушысы М.Дрючкованың «Ақ ханша» ертегілерін, поляк ғалымы Б.Залескийдің «Қазақ даласының өмірі» (2003) және К д’Оссонның «Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін» (2003) деректі хикаяттарын, Ивлин Воның «Брайдсхедке оралу» романын, повестерін (2006), «Көне романдар мен әңгімелер» (Ахиль Татии, Лонг, Лукиан) (2006) кітаптарын аударған.

Шығармалары:

  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Арасан [Мәтін] : таңдамалы шығармалар, хикаялар. 2-т. / К. Сегізбайұлы ; ред. Ұ. Зәуірбекова. – Алматы : Жалын баспасы, 2007. – 320 б. : портр.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Арқарқара [Мәтін] : әңгімелер. 1-том / К. Сегізбайұлы ; сарапшысы Ұ. Зәуірбекова. – Алматы : Жалын, 2006. – 288 б.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Беласқан [Мәтін] : роман және повестер / К. Сегізбайұлы ; ред. Р. Райбаева ; суретші А. Ысқақов. – Алматы : Атамұра, 2001. – 480 б. : портр.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Беласқан [Мәтін] : роман, хикаят. 3-т. / К. Сегізбайұлы ; құраст. Қ. Құрманғалиев. – Алматы : Жалын, 2009. – 320 б : фотосурет.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Беласқан [Мәтін] : роман / К. Сегізбаев. – Алматы: Алатау, 2012. – 400 б. – (Жаңа заман әдебиеті: проза).
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Біз қалада тұрамыз [Мәтін] : хикаялар / К. Сегізбайұлы. – Алматы: Атамұра, 2003. – 312 б. – (Атамұра кітапханасы).
  • Сегізбайұлы, К.Домбыра-кие [Мәтін]. 6-т. Шығармалар / К. Сегізбайұлы. – Алматы: Жалын, 2015. – 384 б.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Жап-жасыл әлем [Мәтін] : повестер / К. Сегізбаев; ред.: Д. Сейлова, Ш. Рақымбекова; ҚР Байланыс және ақпарат м-гі. – Алматы: Ана тілі, 2011. – 472 б. – (Мерейтойлық әдебиет).
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Жетім қонжық [Мәтін] : хикая және әңгімелер / К. Сегізбайұлы. Алматы : Атамұра, 2010. – 80 б. : сурет.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Жол [Мәтін] : роман / К. Сегізбайұлы. – Алматы : Атамұра, 2012. – 320 б. – (Атамұра кітапханасы).
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Жол [Мәтін] : роман. 4-т. / К. Сегізбайұлы. – Алматы : Жалын баспасы, 2013. – 320 б. : портр.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Жылдың ең қысқа күндері [Мәтін] : повестер / К. Сегізбайұлы. – Алматы : Атамұра, 2014. – 256 б. – («Атамұра» мектеп кітапханасы).
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Қазақы дастарқан [Мәтін] / К. Сегізбайұлы. – Алматы : Атамұра, 2011. – 192 б. : түрлі-түсті сурет. – Кітап қазақ және ағылшын тілдерінде.
  • Сегізбайұлы, Кәдірбек. Мерген [Мәтін] : повесть, шығармалар, әңгімелер / К. Сегізбайұлы. – Алматы : Жалын, 2018. – 520 б.

Мақалалары:

  • Сегізбаев, Кәдірбек. Беласқан [Мәтін] / К. Сегізбаев // Жұлдыз. – 2011. – №5. – Б. 3-66.
  • Сегізбаев, Кәдірбек. Иттер де жылайды [Мәтін]: хикаят / К. Сегізбаев // Жұлдыз. – 2014. – №9. – Б. 3-18: фот.
Share