«Менің бақытымның темірқазығы» кездесу

«Менің бақытымның темірқазығы» кездесу

Көз жанарлары анық көрмеседе, қоғам өмірінен тысқары қалмай зағип жандардың басын бір жерге біріктіріп, «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігін құрып, бүгінгі күні көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген қос әнші кітапханамызда қонақта болып қайтты.

Олар «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің директоры Мұқашев Мағзат Насигазинович және директор орынбасары Абылкайырова Динара Мұратбекқызы. Кездесу шымылды жаратылысы бөлек қос әншінің «Таңғы арай» әнімен ашылды. Шара барысында спикерлер ән әлемінің қиындықтармен, шығармашылықтың бұралаң жолына тоқала отырып, өмірдегі өз бастарынан өткен қызықты оқиғаларды да әңгімелеп берді. «Жеті қарақшы» ұяшықтары арқылы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, қатысулармен еркін әңгіме сұхбат құрды. Ән кешіне арнайы меймандарымыздың ұстазы, әнші-сазгер Қайырбек Оразбеков жылы лебізімен бөлісіп, шығармашылық иелеріне ақ жол тіледі. Қатысушылармен бірге «Жұлдызды тап» ойынын белсене ойнаған шара спикерлері өз репертуарларындағы «Студенттермен қоштасу», «Әсем әннен попури», «Дүнген қызы» әндерді орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш шараға Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары қатысты.

Share