Кемелбаева Айгүл

Кемелбаева Айгүл (1965 ж.) – жазушы, прозаик, әдебиеттанушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1965 ж. 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ (1987, қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін, М.  Горький атындағы Мәскеу әдеби институтының проза бөлімін аяқтайды (1989-1994).  Ғылыми қызметкер, кейін «Абай» журналы бөлімінің меңгерушісі болған.

«Жетінші құрлыққа саяхат» (1986, «Путешествие на седьмой материк») повесі, «Тобылғы сай» және «Мұнара» (2003) әңгімелер жинағының авторы. Республикалық мерзімді басылымдарда әдеби зерттеу мақалалары жарияланады. 2013 жылы әңгімелер антологиясы үш томдығының екінші томына А. Кемелбаеваның «Қоңырқаз» (Мәскеу, «Художественная литература» баспасы) әңгімесі енді. 2005 ж. режиссер Б. Шәріпов М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бойынша түсірген «Күнә» көркем фильмі сценарийінің авторы.

«Жалын» баспасы ұйымдастырған (1983) балалар әдебиетіне арналған жабық республикалық конкурстың жеңімпазы, М. О. Әуезовтың жүзжылдығына арналған шығармашылық конкурста үшінші орын алған (1997). Жастар Одағының Б. Бұлқышев атындағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1998), «Сорос-Қазақстан-Дебют» конкурсының лауреаты, «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазіргі қазақ романы» конкурсының жеңімпазы (2000), «Арзу» әңгімесі үшін М. Қашғари атындағы әдеби конкурсының екі мәрте жеңімпазы (2012), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

А. Кемелбаеваның шығармалары

  • Кемелбаева, А. Мұнара [Мәтін]: роман / А. Кемелбаева. – Алматы, 2003. – 149 б.
  • Кемелбаева, А. Мәжнүн жүрек [Мәтін]: эссе, сұхбат / А. Кемелбаева. – Алматы: Алаш, 2013. – 384 б.
  • Кемелбаева, А. Сөз хикмет [Мәтін]: эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. – Алматы: Дәстүр, 2016. – 384 б.

А. Кемелбаеваның мақалалары

  • Кемелбаева, А. “Ата жұртта арыңның қазығы бар…” [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. – 2008. – 26 қыркүйек (№ 39). – Б. 10 -11.
  • Кемелбаева, А. Абай мен Блейк [Мәтін]: эссе / А. Кемелбаева // Әлем әдебиеті. – 2009. – №4 . – Б. 160 – 170: портр. – (Туысқан әдебиет туындыларынан).
  • Ноянов, Е. Қазақ халқы өз жерін сақтап қалды [Мәтін] / Сұхбат. А. Кемелбаева // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. – 2011. – №19. – Б. 19-22.
  • Алпысбес, М. Керей мен Жәнібек хандарға дейінгі дәуір – арғы қазақ тарихы [Мәтін] / Сұхбат: А. Кемелбаева // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. – 2011. – №19. – Б. 21-22.
  • Кемелбаева, А. Көкенай мен Қалқаман [Мәтін]: әңгіме / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 18 қараша (№ 46). – Б. 12;16.
  • Кемелбаева, А. Қонырқаз [Мәтін]: киносценарий / А. Кемелбаева // Жамбыл. – 2010. – № 3. – Б. 137-150.
  • Кемелбаева, А. Қоңырқаз [Мәтін]: әңгіме / А. Кемелбаева // Ақ Ертіс. – 2011. – № 6. – Б. 25-36.
  • Кемелбаева, А. Гете мен Абай ақын – пайғамбар [Мәтін]: эссе / А. Кемелбаева // Жұлдыз. – 2011. – №1. – Б. 195-198.
  • Досжанов, Д. Айгүл Кемелбаеваның “Динаға арналған сый” повесі туралы [Мәтін] / Д. Досжанов // Жалын. – 1984. – № 6. –  Б. 34-35.
  • Тәуелсіздікке 100 кітап тарту [Мәтін]: [А. Кемелбаеваның шығармашылығы туралы] // Үш анық. – 2002. – № 1. – Б. 1.
Share