«Сиқырлы бояулар» сурет үйірмесі

Құрметті кішкентай достар!

Сан алуан бояудың сиқырлы сырын түсініп, оларды өз қалауларыңмен үйлестіріп сурет салудың жолын үйренгілерің келсе, біз кітапханамызда өздеріңді асыға күтеміз!

Сенбі: 12.00-14.00

Жетекшісі: Төленді Исахулқызы

Тел: 87089544232

Жас ерекшіліктері: 6-12 жас, 15-18 жас


02.10.2025

Күз – әр алуан түстің үйлесім тапқан мезгілі, сондықтан оның көрінісі жанға жайлылық сыйлайтын түстермен боялады.

«Сиқырлы бояулар»үйірме қатысушылары осы аптадағы сабағында күздің соңғы жапырақтарын бейнеледі.


20.09.2025

Күз мезгілі – орман мен даланың алуан түске боялып, ертегіге айналатын кезі.

Үйірме қатысушылары кезекті басқосуында күзгі ормандағы ұйықтап жатқан түлкіні бейнеледі.

Олар акварель, гуашь бояуларымен жұмыс істеп, ағаштар мен күзгі жапырақтардың түстерін үйлестірді.

Сабақ көңілді өтті, балалар өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетті.


17.09.2025

Сурет үйірмесінің осы аптадағы кездесуі өте көңілді өтті. Қатысушылар жазғы демалыстары туралы әңгімелесіп, қызықты сәттерімен бөлісті.

Үйірме барысында күздің нәзік көріністерін бейнелеу арқылы балалар табиғат сұлулығын қылқаламмен жеткізе білді.

Балалар өз жұмыстары арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, табиғатқа сүйіспеншіліктерін көрсетті.


 

Share