Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар!
1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бұл күнді ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда тұратын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, өздеріне құшақ жайған қазақ еліне алғыс айту күні деп жариялағаны баршаңызға мәлім. Елбасы өз сөзінде «Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болады» деген болатын. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын! Еліміз аман бауырымыз бүтін болсын!
Share

Пікір үстеу