«Шексіз өлкетану» жобасы

«Туған жерге деген махаббат – патриоттықтың негізі”

Назарбаев Н.А. 

Жобаның мақсаты – кітапхана пайдаланушылары үшін ОБЖК-ның кітап қорын өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы, сондай-ақ шығысқазақстандық және республикалық жазушылардың жаңа әдеби шығармаларымен толықтырып, электронды кітапхана құру.

Жобаның қысқаша сипаттамасы:

Өлкетану әдебиеттер қоры нашар толықтырылуына байланысты, сонымен қатар «Мәдениет туралы» заңда көрсетілгендей облыстық кiтапханалар баспа өнiмiнiң мiндеттi даналарымен қамтамасыз етiлуі орындалмағандықтан, оны толықтыру үшін балама жолдарын іздеу қажеттілігі туды. Қазіргі уақытта біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – кітапхана қорын өлкетану және республикалық әдебиетпен толықтыру және дамыту болып табылады. Бай өлкетану материалдары кез келген заманауи кітапхананың мәдени игілігіне айналады.

«Шексіз өлкетану» жобасын іске асыру ОБЖК-ның қорын қазақстандық мазмұндағы құжаттармен толықтыруды арттыруға жәрдемдесетін болады, кітапхананың ақпараттық кеңістікте және аймақтың әлеуметтік-мәдени орталығында лайықты орнын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, оның беделін арттырып, қолданушылар санын көбейтуге септігін тигізеді.

Жобаның міндеттері:

– қазақстандық авторлармен және баспалармен тікелей байланыс орнатуға, оларды ОБЖК-ның қорын қазақстандық мазмұндағы құжаттармен толықтыруға тартуға жәрдемдесу;

– Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының өлкетану құжаттарының мол мұрасын жинақтау және сақтау, кітапханалық өлкетану ресурстарын ОБЖК-ның барлық санаттағы пайдаланушылары үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету;

– құжаттарды «Авторлық және сабақтас құқықтар» туралы заң шеңберінде  сандық форматқа көшіру және ОБЖК пайдаланушылары үшін электронды кітапхана құру;

Жобаны жүзеге асыру әдістері:

– өлкетану қорын баспа, электрондық және басқа да ақпарат тасымалдағыштардағы  ақпараттық ресурстармен толықтыру;

– электронды өлкетану жиынтық каталогын жасау, жаңа өлкетану деректер базасын қалыптастыру;  

Күтілетін нәтижелер:

  • ОБЖК қорын өлкетану құжаттарымен толықтыру үшін жергілікті авторларды тарту.  
  • Жобаны іске асыру кітапхананың ақпараттық кеңістікте және өлкеміздің әлеуметтік-мәдени ортасында өзінің лайықты орын алуына мүмкіндік береді;
  • Сарқылмас құндылығы мен маңыздылығы зор жаңа электронды және дәстүрлі өлкетану ресурстары кешенді ақпараттық жүйесі құрылады;  
  • Өлкетану ақпараттық ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Кітапхана пайдаланушыларының санын арттыру;
  • Кітапхана имиджін көтеру;

Тиімділігі – жобаны іске асыруға жұмсалған қаржы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тұрақтылық – ықпал етуші қорды толықтыру үрдісін тоқтатуға болмайтындықтан, жобаның тақырыбы уақытша шеңбермен шектелмейді.

Share