Бағдаршам-менің досым

Бағдаршам-менің досым

Бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп лицейінің 1-сынып оқушыларына арнап «Бағдаршам-менің досым» атты ойын сағатын ұйымдастырды. Алғыр оқушылар қызықты ойын ойнау арқылы жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүру ережелерін естеріне түсіріп, алғашқы бағдаршамның пайда болу тарихымен танысты.  Балдырғандар «Белгіні тап?», «Қандай көлік», «Мен сақшымын!» ойындарын ойнап, жаңа жол белгілері туралы мәліметтерді де саналарына түйді. «Менің көлігім» атты баланы дамыту тапсырмасында машиналардың маркаларын дұрыс тауып, қызыға тамашалайтын «Көліктер» мультфильмінен үзіндіні көрді. Сондай-ақ түрлі қағаз қиындылардың көмегімен мозаика түрлерін құрастырып, кітапхана қорындағы “Абайла, балақай!”, “Жол белгілері” сынды кітаптармен танысып, топтық жұмыстар орындауда да жүзден жүйрік боп оза шықты.

Share