Кітапхана қызметкерлері Зәки Ахметов атындағы № 16 мектеп оқушыларымен алғыс күніне орай достық алаңын өткізіп қайтты. Іс-шара тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, шексіз алғыстары туралы естеліктермен басталды. Азап пен тозаққа толы «АЛЖИР» лагері жайында бейнеролик көрсетіліп, талданды. Д.А.Шаймухановтың «Карлаг» кітабымен танысты.
«Ғажайып алаңда» оқырмандар алғыс сөзінің мағынасын жан-жақты ашып, кімге, неге алғыс айту керектігін түсіндіре отырып, өз ойларымен бөлісті.
«Миға шабуыл» кезінде көршілер бір-біріне алғыстарын іс-қимылмен көрсетті. Таратылған қиындылардан алғыс туралы мақал-мәтелдерді құрастырып, мағынасын түсіндірді.
«Тыныштық сәтінде» әдемі әуеннің көмегімен өкпе-реніштерін қағаз бетіне түсіріп, кешірімді болуды үйренді, өздері қалаған адамдарына алғыс хатын жазды.
«Әріптер сөйлесін…» тапсырмасы бойынша қолдарына берілген әріптермен өз алғыс, тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, оқырмандар түрлі жағдаяттарды шешіп, тапсырмалар орындауда белсенділік танытты. «Неғұрлым көп алғыс алған адам бақытты болады» дегендей бастысы – алғыс айта білуді үйренді.