«Новое поколение» бағдарламасы аясындағы Москва – Казань 2024 кәсіби іссапар

«Новое поколение» бағдарламасы аясындағы Москва – Казань 2024 кәсіби іссапар

«Новое поколение» бағдарламасы аясындағы Москва – Казань 2024 кәсіби іссапары.
Москва, Казань – Ресейдің екі жетекші кітапханалық астанасы болып табылады, олардың әрқайсысы тарихи мұраға бай және әлемдік деңгейдегі заманауи кітапханаларға ие. Кітапханаларда қызықты жобалар іске асырылады, бірлескен шаралар өткізіледі, үнемі іс-тәжірибемен алмасады.
Мен мұның бәрін өз көзіммен көріп, керемет шабыттандыратын сапарға қатысып, «Библиотека в многополярном мире» Бүкілресейлік кітапхана конгресінің әр түрлі елдерден қатысқан жетекші мамандарының баяндамаларында өзім үшін қызықты сәттерді атап өту бақытына ие болдым.
Әлемдік тәжірибелер мен трендтер, жобалық сессиялар, икемді дағдыларды дамыту бойынша топтық сабақтар маған кәсіби деңгейімді арттыруға, болашақ бірлескен жобалар үшін әріптестеріммен байланыс орнатуға, білім мен қажетті дағдыларды игеруге көмектесті.
Мен жаңа идеялармен, жағымды эмоциямен, ерекше мотивация алып оралдым және басқа кітапханалардың іс-тәжірибелері біздің жұмысымыздың мазмұнын толықтыра түсетініне сенімдімін.
Осындай бірегей бағдарламаның ұйымдастырушыларына, сондай-ақ өз ұжымыма қолдау мен сенім білдіргені үшін алғысымды айтқым келеді.
Армандаңыз, жасаңыз және барлық ғажайып сізге есігін ашады…
Грицаенко Дарья – Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының әдіскері

 

Share