21 қыркүйек 2024 жылы біздің қаламызда алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған көлемді «SHYGYS BOOKFEST» Кітап фестивалі өткізілді. Шараны Өскемен қаласының облыстық кітапханалары және «Читатели» кітап клуб ұйымдастырды.
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және оның оқырмандары осы шараның белсенді қатысушылары болды.
Фестивальдің балалар аймағы «Қызықты кітаппен демалыс! Место притяжения – КНИГА!» кітап көрмесімен ашылды. Қала қонақтары мен тұрғындары үшін барлық оқырмандардың талғамы мен жасына сай алуан түрлі әдебиеттер ұсынылды. Қызықты әдеби викториналар, ойындар, квесттер мерекеге қайталанбас атмосфера сыйлады, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Балалар аймағының қонақтары үшін «Креативный Арт» балалар шығармашылық студиясы ұсынған ермексаздан шеберлік сағаты, «5 чувств» арт-студиясының және «Сиқырлы бояулар» кітапханалық үйірмесінің бейнелеу өнері өткізілді. Балалар «Бумфети» балалар шығармашылығы орталығымен слайм жасады және «Kids FM» Балалар Радио Мектебінің тыңдалымдарына қатысты, сонымен қатар MARIYA_ZUMBAEVENT-пен мың бұрала биледі. Фестиваль аясында «Ёжиство-Художество» Шығармашылық батылдық мектебі жас жазушылары мен суретшілерінің кітаптарының тұсаукесері болды. Барлық тілек білдірушілер үшін «Стикермейкер» шеберлік сағаты өткізілді, онда әрқайсысы телефонда вацапқа стикерлер жасауды үйренді.
Жастар Қазақстан-Америка Еркін университетінің жанында Гүлім Әсетқызының жетекшілігімен құрылған «QADAM» поэзия ұйымында бас қосты, онда дауыстап оқулар, жас ақындардың жыр жинақтарын талқылау болды.
Фестиваль қатысушылары Арбат бойында арнайы құлаққаптармен қызықты серуен жасады. Қысқа серуен кезінде аудиовизуалды баяндау арқылы біз көшенің және оған жақын орналасқан саябақтар мен ғимараттардың тарихымен таныстық.
Фестиваль көптеген жағымды эмоциялар қалдырып, әдебиет пен оқудың адам өміріндегі рөлін, кітап кейіпкерлерінің өскелең ұрпақтың дүниетанымына ықпалын талқылайтын орынға айналды. Қатысушылар кітап мәдениетіндегі жаңа үрдістермен танысып, жаңа достар тауып, бос уақыттарын тиімді өткізді.