«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кездесуі өтті. Аутизмі бар балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ететін кешенді шаралар өткізіледі.
Осындай кезекті шара барысында балаларға ұсынылып отырған әрбір тапсырмалар сенсорика, яғни баланың сезімталдығы мен ұсақ қол моторикасын дамытуға, логикалық ойлауды және де қозғалыстарды үйлестіруге, әр түрлі формаларды салыстыруға жақсы ықпал етеді. Яғни, «Жарты фигураларды толықтыру», «Түрлі-түсті қақпақтар» және «Дәнді дақылдар» тапсырмалары орындалды. Балалар берілген жаттығуларды кітапхана психологымен бірлесе орындады.
Share