Құрметті әріптестер!
ШҚ ОБЖК-ның инновациялық-әдістемелік орталығы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін облыс кітапханашыларымен біліктілігін көтеруге өз үлесін қоса отырып үнемі облыстық және көшпелі семинарлар, шығармашылық шеберханалар, конференциялар өткізеді.
Облыстық әдістемелік семинарлар жылына екі рет өткізіледі және балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының өзекті мәселелеріне арналады. Семинарлар тақырыптары мен оларда қаралатын мәселелер қазіргі заманғы кітапхана ісінің басты бағыттарын қамтиды.
Семинарлар – бұл әріптестермен қарым-қатынас жасауға, жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, жаңа жетістіктер туралы білуге, өзінің кәсіби шеберлігін көтеруге берілетін мүмкіндік. Бұдан басқа түрлі тақырыптар бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі, онда ШҚ ОБЖК қызметкерлері облыс аудандарында шаралар өткізеді.
Бұл бөлімде облыс кітапханашылары үшін өткізілетін теориялық және практикалық семинарлар, конференциялар және басқа оқу әдістемелік шаралар туралы ақпарат орналастырылады.
Семинар материалдары: баяндама, тұсаукесерлер және таратылатын материалдарды берілген сілтемелер бойынша қарап және жүктеп алуларыңызға болады.
| «Ұлы Отан соғысының тарихи естелігі: азамат пен оқырманды тәрбиелеудегі әдіс пен тәжірибе» семинар-практикумы.
Құрметті әріптестер! 25 сәуір күні балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін облыстық кітапхана мамандарына арналған «Ұлы Отан соғысының тарихи естелігі: азамат пен оқырманды тәрбиелеудегі әдіс пен тәжірибе» атты семинар өтті. Іс-шараны директордың орынбасары Г.А. Казимова құттықтау сөзімен ашты. Семинардың бағдарламасына жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар кірді: «Соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстан: адамдар, ерліктер және естеліктер» атты дәріс, «Ұрпақтар жадында: Шығыс Қазақстан батырлары туралы заманауи оқырманмен әңгіме» атты тұсаукесер (ШҚ ОБЖК тәжірибесіне негізделген), «Атамның медальдары» аймақтық отбасылық және өлкетану материалдарына негізделген «Патриоттық тәрбиеге жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдерді қолдану» атты бейнетұсаукесер (Новосібір облысының «Облыстық балалар кітапханасы» мемлекеттік бюджеттік мәдени мекемесі, Новосібір), «Шығысқазақстандықтар – Ұлы Отан соғысының батырлары» атты өлкетану ойыны және «Ұлы Жеңіске апарар жол. Соғыс плакаттары» көрмесіне шолу. Семинардың ең маңызды сәті И.В. Дурновоның «Гвардияшы» кітабының тұсаукесері болды. Іс-шара «Ахтунг! Покрышкин!» деректі фильмінің көрсетілімімен аяқталды. Барлық семинар материалдарын «Әдістемелік жинақ» бөлімінде «Орыс тілі» қойындысын басу арқылы көруге болады. |
Мұрағатты жүктеу №1 |
| Квест «Кітаппен серуен» | тұсаукесер / сценарий |
| Латын әліпбиінің толқынымен | жүктеу |