Кітап сүйер «Oqyrman клубының» кешегі отырысында Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу» кітабын талдады. Бір оқырманның айтуы бойынша кітаптағы өмірдің басты мәні делінген Франклдың: «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасындағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан, оған шаттық сыйлау үшін ғана туғанбыз» – деген пікірін алға тартып, құптап өтті. Жастардың өз ойын ел алдында ашық білдіруінің өзінде осы пікірталастың алар орны ерекше. Керемет кітап. Оқуға кеңес береміз.