«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы балалармен жақын қарым-қатынас жасау, жақсы көңіл-күй орнату үшін сәлемдесумен басталды.
Шара барысында балалар қол моторикасын дамытуға, әр түрлі түстерді құрастырып, есте сақтауға және ақпаратты қабылдауға бағытталған «Ыдыстан ыдысқа құю», «Смайлик», «Дене шынықтыру» жаттығуларын жасады. Бұл ми жаттығулары қарапайым, әрі оңай бола тұра кез-келген жастағы бала бойындағы мүмкіндікті аша білуге көмектеседі. 3-5 минут жасалған осындай жаттығу миға энергия береді.
Шара «Релаксация.Тыныштық әлемімен» аяқталды.