9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мәжіліс залында С.Керімбайдың «Қаныш және ғылым майданы» кітабының таныстырылымын өткізді.
Университет фойесінде қонақтарды «Алтай» фольклорлық ансамблінің музыканттары қарсы алды, «Ән-салдар» тобының музыкалық нөмірлері орындалды. Барлық тілек білдірушілер «Ғылым және білім ел дамуының негізі» кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.
Санжар Керімбай Қ.Сәтбаевтың белгілі бір шешімдері мен іс-әрекеттерін түсіндіруде экзистенциалды талдау, онтология, логотерапия және феноменологиялық әдістерді пайдалану арқылы өзіндік ерекшелігімен танылған шығармасының жасалу тарихымен бөлісті. Сондай-ақ кездесу барысында спикердің отбасылық құндылықтар мен қазақ халқының мәдени мұрасын жастар арасында насихаттаудағы қызметі талқыланды.
Кездесуге Қ.Сәтбаевтың тұлғасы қайсарлықтың, ғылымға деген адалдық пен өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі болып, жастарды жаңа белестерге талпынуға, өз елінің дамуына үлес қосуға шақыратын жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ қала жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Бұл басылымның тұсаукесері – нағыз патриот және қазақ халқының отбасылық құндылықтарын сақтаушы тұлғамен кездесудің бірегей мүмкіндігі болып табылды.
Шара соңында жазушы кітапсүйер қауымға қолтаңбасын қалдырды.