Халқымыздың тарихы мен танымының тамыршысы болған қаламгер Санжар Керімбайдың рухани сапары Өскемен қаласында жалғасын тапты. 2024 жылдың 9 желтоқсан күні «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қонақта болды. Жаңалықтың жаршысы, сүбелі кездесулердің орталығына айналған киелі орда жазушыны қазіргі кітапхананың тыныс тіршілігімен таныстырды.
Кітапхана қызметкерлері және жастар бірнеше еңбектері арқылы көпшіліктің санасына ой салған жазушы, зияткердің келелі ойларын білді.