Парсы мәдениетінде «Бір беттік кітап» деген қызық жанр бар. Яғни кітаптың немесе оқиғаның сюжетін бір параққа ықшамдап, сыйғызу өнері. Мұндай дәстүр орта ғасырда да болған. Мықты шайырлар бір ертегінің не әңгіменің желісін бір шумақ өлеңмен түйіндеп жарысатын. Былтыр Иранда өткен кітап жәрмеңкесінде «Бір беттік кітапты» көріп ұнатқан едік. Артынша кітап авторы Меһди Миразими деген жазушымен таныстық. Ол кітабын қазақшаға аударуға қуана келісті. Сосын бұл туындыларды Гаухар Омарханова деген шығыстанушы маман қазақша сөйлетіп шықты. Біз «Бір беттік кітап» қорабына, мағыналы, балаларға ұнайды деген елу әңгімені іріктеп ұсынып отырмыз.