Балалар жазушысы Елдос Тоқтарбайдың «Тау құсы» кітабы балалар мен жасөспірімдер бойында туған елге, жерге, тарихи тұлғаларымызға деген шексіз құрмет пен сыйластықты туындатып қана қоймай, оларды ізеттілікке, адам бойындағы асыл қасиеттерді сіңіруге, талаптануға, тарихыңды тануға, білімді һәм тәрбиелі болуға, Отаныңды сүюге тәрбиелейді. Бала арманы, бала қиялы таудан биік болар… Қиядағыны көзінің қиығымен шалатын қыранның қасиеті де – қазақтың болмысына тән.