Үлкен қаланың шетінде, қиранды амфитеатрлардың бірінде тұратын Момо деген кішкентай қыз сол маңдағы жұрттың ең жақын досына айналды. Оның жолдан тауып алған, я әлдекімдердің бергенінен басқа түгі жоқ еді. Алайда өзгенің қолынан келмейтін, кішкентай Момо ғана мінсіз атқаратын жалғыз іс бар, ол – тыңдау. Бір күні қаланы сұр мырзалар жайлап алады. Олардың діттегені – адамдардың уақытын ұрлау, ал бұған төтеп бере алатын жалғыз жан – Момо ғана. Сол қаршадай қыз достарын құтқару үшін бүкіл қаланы мазасыздық құрсауында қалдырған сұр мырзалармен күресуі керек.