«Skills. Дағды білімнен де маңызды…» кітабы қазіргі таңда әлемдік өзгерістерге бей-жай қарамай, себептерін ескере отырып, адам баласының өз бағытымен өзін-өзі жетілдіру жолдарын саралаудан, ұсынудан жарыққа шыққан туынды. Кітапта автор жаһандану дәуірінде әр адам баласы еститін толғаулы сұрақтарды талдап, жаңа технологиялардың адами капиталға әсерін зерттеуден өткен кәсіби мамандар кұралдарын колдануға, тәжірибеде жүзеге асыруға бағыттайды. Кітаптағы ғылыми-техникалық революциялар тарихына үңілу арқылы жарқын болашақты қалыптастыруда өткенді түсінудің қаншалықты маңызды екенін көреміз. Бүгінгі ақпарат дәуірінде білімге қол жеткізу әлдеқайда жеңілдей түсті. Ендігі адамзат міндеті жинақтаған білімді дұрыс қолдана білу. Оған бағдар беруші дағдылар. Ғылыми тәжірибелік жолдан жинақталған еңбек қалың көпшілікке түсінікті болу мақсатында жеңіл тілмен жазылған. Автор кітапты адами капитал тақырыбын зерттеуші, жас ізденуші ғалым, кәсіби коуч есебінде ұсынады. Кітап ел ұрпағының болашағына алаңдаған әрбір ата-ана мен жарқын болашаққа сенген оқырман қауымға арналады.