«Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған

«Асқақ абырой иесі. Непридуманный герой»

облыстық акциясы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылына» арналған «Непридуманный герой» облыстық акциясының (бұдан әрі – Акция) ұйымдастырушысы болып табылады (Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы).

1.2. Осы ереже Акцияны өткізудің мақсатын, шарты мен мерзімін анықтайды.

 

  1. Акцияның мақсаты

2.1. Жастардың адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтау, еңбек адамының мәртебесін арттыру.

2.2 Өскелең ұрпақты заманауи жұмысшы мамандықтарымен және еңбек нарығының өзекті талаптарымен таныстыру, экономиканың түрлі салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға көмектесу және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жәрдемдесу.

2.3. Өскелең ұрпақтың бойында жұмысшы мамандықтарын табысты игеру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін қажетті негізгі дағдыларды, жеке қасиеттер мен мүдделерді түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың таланттарын және оларды кәсіби қызметте қолдану үшін әлеуетін бағалау қабілетін дамыту.

 

  1. Акцияның өткізу шарттары, мерзімі және тәртібі

3.1. Акцияға қатысушы мақсатты аудитория. 10-16 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер

3.2. Акцияны өткізу мерзімі: 1 ақпан – 30 наурыз 2025 жыл

3.3. Акцияны өткізу тәртібі:

Акцияға қатысушылар үшін таңдау ұсынылады:

 

«Мақтаныш және қабілет. Гордость и призвание» бейнеролигін жасаңыз:

– материалдарға, фотосуреттерге және отбасылық мұрағаттарға негізделген, өзінің еңбек қызметінде (жұмысшы мамандығы) айтарлықтай жетістіктерге жеткен туған-туысқанына немесе жақын адамына арналған бейнеролик әзірлеу. Бұл бір кәсіпорында үлкен еңбек өтілі бар адам, тыл еңбеккері, зейнеткер, еңбегі үшін кеңестік немесе қазақстандық белгілерімен марапатталған адам, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иегері болуы мүмкін. Бейнеролик оның жетістіктері мен қоғамның дамуына қосқан үлесін есте сақтауға арналады.

Бейнематериалдың техникалық талаптары:

– көлденең түсірілім (горизонталды);

– MPEG4 көлемі 720×576 кем емес;

– бейнеролик ұзақтығы 3 минутқа дейін,

– акцияның тақырыбына сәйкестігі;

– тұжырымдамалық идея;

– безендірілуінің өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы;

– жұмыстың құрамы (композициясы) мен сапасы.

 

«Кәсіби маманмен сұхбат. Интервью с профессионалом»:

– жұмысшы мамандығының өкілімен сұхбат жүргізу (мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорынның, ауыл шаруашылығының, құрылыстың, тігін өндірісінің және тағы да басқа жұмысшыларымен), онда ол мамандық таңдаудың себептері, оның қазіргі әлемдегі артықшылықтары мен өзектілігі туралы әңгімелейді, жас ұрпаққа арналған кеңестер береді.

 

Бейнематериалдың техникалық талаптары:

көлденең түсірілім (горизонталды);

– MPEG4 көлемі 720×576 кем емес;

– бейнеролик ұзақтығы 3 минутқа дейін;

– акцияның тақырыбына сәйкестігі;

– тұжырымдамалық идея;

– безендірілуінің өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы;

– жұмыстың құрамы (композициясы) мен сапасы.

 

«Мен таңдаймын…Я выбираю…» Reels форматындағы бейнематериал

– қатысушы таңдауға лайық деп санайтын жұмысшы мамандықтары туралы қысқаша бейнематериал (Reels форматында) жазыңыз.  Бейнематериалда қысқа мәтіндік немесе аудио түсініктеме арқылы өмірден нақты мысал көрсету ұсынылады. Қатысушылар қалауынша Акцияның шығармашылық тапсырмаларын неғұрлым жарқын және креативті орындау үшін 3-5 адамнан тұратын топтарға біріге алады.

 

Бейнематериалдың техникалық талаптары:

көлденең түсірілім (горизонталды);

– MPEG4 көлемі 720×576 кем емес;

– бейнеролик ұзақтығы 1 минутқа дейін

– акцияның тақырыбына сәйкестігі;

– тұжырымдамалық идея;

– безендірілуінің өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы;

– жұмыстың құрамы (композициясы) мен сапасы.

 

Акцияны өткізу тілі: қазақ тілінде, орыс тілінде. Бейнероликтер Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының   Инстаграм,  Telegram-каналында жарияланады https://t.me/vkolibrary/

Қатысушылар міндетті түрде Сауалнаманы толтыруы керек

(1 Қосымшаны қара)

 

 

  1. Акцияны қорытындылау

4.1.  Акцияға қатысушылар сертификаттар алады.

4.2. Акция қорытындысы туралы ақпарат ұйымдастырушы ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ сайтында https://vkolibrary.kz/ , сондай-ақ  Инстаграм, Telegram https://t.me/vkolibrary/ жарияланады

 

 

  1. Келіп түскен жұмыстарды пайдалану құқығы

5.1. Қатысушылар өздерінің акцияға қатысуымен оның ұйымдастырушыларына өз жұмыстарын авторлық сыйақы төлемей, бірақ автордың аты-жөнін келесі тәсілдермен міндетті түрде көрсете отырып пайдалануға келісім береді:

– келіп түскен жұмыстарды, бейнематериалдарды Кітапхана сайтына www.vkolibrary.kz., Instagram әлеуметтік желісінде орналастыру, көрмелер мен басқа да көпшілік іс-шараларда көрсету;

– жинақтарда, сондай-ақ коммерциялық емес негізде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

МАҢЫЗДЫ!!!

Акция аясындағы жұмыстар odyub_konkurs@mail.ru электрондық поштасына «Жұмысшы мамандықтары» белгісімен қабылданады.

 

 

1 Қосымша

 

«Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған

«Асқақ абырой иесі. Непридуманный герой»

облыстық акциясына қатысушының сауалнамасы

 

 

Т. А. Ә.

Қатысушының аты-жөні  (толық)

 
Жасы  
Оқу орны  
Қаланың, ауылдың атауы  
Қатысушы оқырман болып саналатын кітапхананың,  толық ресми атауы

 

 

 

Жұмыстың атауы  
 Қатысушының мекенжайы, телефоны, электрондық пошта

 

 

 

 

Маған қатысты жеке деректерді Қазақстан Республикасы заңына сәйкес өңдеуге, пайдалануға және таратуға өз келісімімді беремін.

 

Акция бойынша барлық сұрақтар мына электрондық поштаға жіберіледі e-mail: odyub_konkurs@mail.ru

  

 

Байланысушы тұлға: Устинова Тамара Владимировна – Инновациялық-әдістемелік орталығының жетекшісі (WhatsApp +77051860955)

Share