Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Әділдік, мейірімділік, мәдениет» атты панелдік пікір

Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Әділдік, мейірімділік, мәдениет» атты панелдік пікір

Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Әділдік, мейірімділік, мәдениет» атты панелдік пікір өтті. Шараның алғы сөзін кітапхана қызметкері Ернат Файзуллаев ашса, екінші болып іс шара қонағы С.Аманжолов атындағы «Экономика және құқық» факультетінің студенті, Өскемен пікірсайыс альянсының координаторы, пікірсайыстан 4 мәрте Республика жеңімпазы, спикер Жігер Сәрсенбаев сөз кезегін тізгіндеді.
«Сыбайлас жемқорлық – өте үлкен қылмыс. Жасырын қылмыстардың 95-98% осы сыбайлас жемқорлық. Сондықтан біз бұл дертті жеңу үшін тұтастай бірігуіміз керек. Қоғам әрқайсымыздан құралатындықтан, әрбіріміз осы жолда күресуді өзімізден бастау керекпіз», – деді кітапхана қызметкері Ернат Файзуллаев.
«Әр адам жақсы елде, инфрақұрылымы дамыған мемлекетте өмір сүргенді қалайды. Сингапур, Дания, Финляндия сияқты мемлекеттерде бірден дамыған мемлекет болмады. Оларда халық, қоғам, билік болып күрескен соң ғана бұл іс өз жемісін берді», – деп сөзін түйіндеді жастар белсендісі Жігер Сәрсенбаев. Сапалы білім сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың бірден бір жолы екенін атады. Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері де шара барысындағы деректі ақпараттармен танысып, әлем тәжірбиелеріне көз жүгіртті. Шараның мақсаты қатысушылардың құқық нормалары туралы білімдерін қалыптастыруға, сондай-ақ табысты әлеуметтену үшін қажетті жеке қасиеттерді дамытуға ықпал ету.
Іс шара соңында студенттерге кітапхана қызметі және орталықтарының жұмысы таныстырылып, кітапхананың тұрақты оқырмандары болуға шақырдық.
Share