Ағылшын тіліндегі үйірмеде қатысушылар сүйікті хоббилері туралы айтып бастады, әркім спортқа және музыкаға деген қызығушылықтарымен бөлісті. Кейін олар хоббилердің атауларын ағылшын тіліндегі сипаттамаларымен сәйкестендіріп, сөздік қорларын кеңейтті.
Келесі кезекте спорт пен өнердің қайсысы пайдалы екендігі туралы қызықты пікірталас өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, дәлелдер келтірді.
Қорытындысында, балалар “My crazy hobby adventure” (Менің керемет хобби саяхатым) тақырыбында шығарма жазып, әңгімелері күтпеген бұрылыстар мен шығармашылық идеяларға толы болып шықты.