Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Еңбекқорлық –қоғамның өркендеу кепілі» тақырыбында форсайт форумы өтті.
Шараға Өскемен жылу электр орталығының жетекші инженері Өмірзақов Сырым Жанұзақұлы қатысты. Ол өзі қызмет атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, еңбек адамды адалдыққа, табандылыққа, жауапкершілік қасиеттерге ие болуы керек деді. Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжімен, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері өз ойларын білдіріп, өздері оқып жатқан мамандықтарын мақтанышпен жеткізді. Болашақта дипломды қолға алған соң елімізге адал қызмет істейміз деген тұжырымды сөздер айтып, мақсаттарымен бөлісті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің белсенді студенттері Әзімхан Әкімжан Талғатұлы мен Марина Мухамет қатысушыларға тренинг пен қызықты ойындар жүргізіп, кітаптарды таныстырды.
Share