Жоғары сынып оқушылары «Энергетика – смысл их жизни» атты кездесуге қатысты. Шара театрландырылған көріністен басталды: кенеттен электр жарығы өшіп, айналаны қараңғылық басып, не телефон зарядтары қосылмай адамдар әбігерге түсті. Жүргізуші бұның себебін түсіндіріп, энергетиканың біздің өмірімізде қандай орын алатынын, онымен қандай маман иелері айналысатынын айтты. Шара қонақтары, Шығыс Қазақстан облысының жетекші энергетиктері: Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі Виктор Семенович Недовесов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Волков Василий Филиппович өздерінің бұл мамандыққа қалай келгені, жұмысшы мамандығынан директорлыққа қалай жеткендері жайлы әңгімеледі. Олар үшін энергия өмірдің мәніне айналды және қуатты энергия жүйесін құруға бар күш-жігерін салды. Балалар осы қызмет саласындағы ең танымал және қызықты жұмысшы мамандықтары, жұмысты орындау кезінде қажет қасиеттер, техник, механик, электрик және тағы да басқа танымал мамандықтарды қайдан оқуға болатыны туралы білді. Энергетиктердің қиын да күнделікті өмірі мен еңбектегі ерліктері баяндалған бейнебаянды тамашалады.
Сондай-ақ балалар осы саладағы жас мамандардың кәсіби өсу жолын білді.
Шара барысында қонақтар «Энергетика Восточного Казахстана: они были первыми» кітабымен танысты. Онда біздің құрметті қонақтарымыз туралы да баяндалады.
Осылайша, жоғары сынып оқушылары осы қызықты да өмірлік маңызы бар энергетик мамандығы туралы кеңінен білді!










