Сақтар – Ұлы даланың ержүрек ұрпақтары

2026 жылдың 23 қаңтарында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Тарих және қоғамтану» мамандығының 2-курс студенттері «Сақтар – Ұлы даланың ержүрек ұрпақтары» атты танымдық тарихи іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында сақ тайпаларының тарихтағы орны және олардың Ұлы дала өркениетін қалыптастырудағы рөлі жан-жақты қаралды.

Студенттердің алған білімдерін бекіту мақсатында Wordwall платформасы арқылы сұрақ-жауап форматындағы интерактивті ойын ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қатысушылар кітапхана қорымен танысып, Мағрипа Жылқыбаеваның «Алтын адамның мұрасы» және Бердалы Оспанның «Есімдер сақтардың қазақтарға дейін» атты еңбектерін зерттеді.

Іс-шара соңында студенттер тарихтың қазіргі қоғамдағы маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.