Еркін ел – асқақ ән

Кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Семей қаласынан келген “Alash18” тобының «Еркін ел – асқақ ән» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш жүргізушісінің кіріспе сөзімен басталып, қонақтар сахна төріне шақырылды. “Alash18” тобының шығармашылығы, өнер жолы, топ атауының мағынасы туралы сұхбат ұйымдастырылып, көрермендермен еркін пікір алмасу өтті. Кеш барысында “Alash18” тобының шығармашылығы туралы сұхбат өтіп, көрермендермен еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Өнер иелері «Алаш ұраны», «Сәби болғым келеді», «Семейліктерміз», «Жаңбырым», «Алаш орда» әндерін орындап, кештің рухын арттырды.

Сондай-ақ шара аясында Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ел тарихы, Тәуелсіздік жолы, Алаш қозғалысы, ұлттық рух пен отансүйгіштік тақырыбындағы әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, балалар кітапханасында өткен кездесудің маңыздылығы, өнер мен рухани тәрбиенің жас ұрпақ үшін рөлі ерекше атап өтілді.   Кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды әрі тағылымды шара ретінде өтті.