Дәстүр мен жасампаздық үйлесім таба ма?

Кітапханаға спорт мектебінен келген оқушылардың қатысуымен «Дәстүр мен жасампаздық үйлесім таба ма?» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара сұрақ-жауап және ой қозғау форматында өтіп, қатысушылар арасында ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарастар туралы пікір алмасу жүргізілді.

«Дәстүрді тап!» ойынында оқушыларға сұрақ-карточкалар таратылып, әр карточкада қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтар берілді. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, дәстүрдің атауын тауып, оның мән-мағынасын түсіндірді. Бұл ойын оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлер жөніндегі білімін арттыруға бағытталды.