Бүгін кітапханамызда «Өмір өрнектері» атты жас талантты суретші, көптеген облыстық және республикалық байқауларының жеңімпазы Мәди Қайырханұлының жеке көрмесі өтті.

Бүгін кітапханамызда «Өмір өрнектері» атты жас талантты суретші, көптеген облыстық және республикалық байқауларының жеңімпазы Мәди Қайырханұлының жеке көрмесі өтті.

Шараға қатысқан С. Аманжолов атындағы ШҚУ КЕ АҚ Жоғары колледжінің студенттері суретшінің шығармаларымен танысып, картиналардың салыну тарихы және оны не жазуға себеп болғаны туралы білді.
Суретшінің «Тоқтамыс батыр», «Көкпар», «Хиуаз Доспанова», «Көкбай ақын», «Бозанбай», «Альпі таңы», «Жағалау», «Құнанбай», «Берел маңы», «Менің бала кезімде» тағы да басқа картиналары оқырмандардың қызығушылығын оятты.
Мәди Қайырхан келген қонақтарға арнап шеберлік сағатын өткізіп, онда Шығыстың шырайлы табиғатын санаулы минутта бейнелеп, оқырмандардың таңданысын туғызды. Шараға келген студенттер қылқалам шеберінің өнеріне тәнті болып, суретшіге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
Шара қатысушылардың эстетикалық талғамының қалыптасуына, қиялын дамытуға ықпал етеді, әсемдік әлеміне жетелейді.
Share