Саудаға алға

Lets Go Shopping»/ «Саудаға алға!»: (қысқы жәрмеңке)

Тіл үйірмесінің қатысушылары қысқы жәрмеңкеге аттанды.Әрбір сауда орнында ағылшын тілінде күнделікті қолдануға арналған жаңа сөздер, сөз тіркестері мен жағдаяттарды ашты. Алғашқы минуттардан бастап балалар қысқы сауда-саттықтың атмосферасына еніп, сатып алуға, сыйлықтарға және мерекелік тауарларға байланысты лексикамен танысты, сатушыларға сыпайы жүгінуді, баға мен сапа туралы сұрақтар қоюды, таңдау жасауды және өз қалауларын білдіруді үйренді. Жәрмеңке рөлдік ойындардың арқасында жанданды: қатысушылар кезек-кезек сатып алушы мен сатушы рөлдерін сомдады.