Сіздерді өнер мен білімнің бірегей тоғысуына «Кітапхана+театр» жобасына шақырамыз.Театр сахнасында кәсіби актерлердің керемет қойылымын тамашалай отырып, Сіздер әр кейіпкердің әлемін бойлап отырып, эмоциялар мен ой толқынына енесіздер.Сонымен қатар, кітапханамыз Сіздерге арнайы кітап көрмесін ұсынады. Бұл көрме қойылымдағы тақырыптармен үндесіп, оқырмандарға жаңа әдебиеттермен танысуға, ой-өрістерін кеңейтуге және шығармашылық шабыт алуға мүмкіндік береді.
Кітап пен театр – бір-бірін толықтыратын тамаша серіктестер. Оқыңыздар, тамашалаңыздар, шабыт алыңыздар!
Кітапхана мен театр әлемі – білім мен өнердің бір арнада тоғысуы!