Тәуелсіздік таңы. Ұлы көштің бастауында

№49 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары «Тәуелсіздік таңы. Ұлы көштің бастауында» атты әдеби квестке белсене қатысты. Квест мазмұны әйгілі жазушы және қоғам қайраткері Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясына негізделді.

Іс-шара барысында оқушылар шығарманың үш кітабы бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындап, XV–XIX ғасырлар аралығындағы қазақ даласына «саяхат» жасады. Олар Қазақ хандығының тарихындағы маңызды оқиғаларға терең бойлады. Квесттің алғашқы станциясы жазушының өмірбаянына арналды. Әрі қарай әр станцияда тапсырмалар арнайы жасырылған ұяшықтарда, трилогияның мазмұнына топтастырылып берілді. Оқушылар жақсы эрудициясын, логикалық ойлау қабілеттерін, командалық рухын және бұл тарихи туындының мәтінін терең меңгергендерін көрсетті.

Барлық кезеңдерді сәтті аяқтап, оқушылар интеллектуалдық «саяхаттарының» қорытындысын шығарып, «бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан» атты плакат жасады.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі кезінде халықты әрекет етуге даярлау мақсатында өткізіліп жатқан айлық аясында таныстыру әңгімесі өткізілді. Бұл шарада жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері мен дұрыс әрекет ету тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.